Іс-шаралар
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:


Қыркүйек
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
Қазан
Тәуелсіздік және отаншылдық айы
Қараша
Әділдік және жауапкершілік айы
Желтоқсан
Бірлік және ынтымақ айы
Қаңтар
Заң және тәртіп айы
Ақпан
Жасампаздық және жаңашылдық айы
Наурыз
Тәуелсіздік және отаншылдық айы
Сәуір
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
Мамыр
Бірлік және ынтымақ айы
Күн сайын (Ежедневно)«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – білім алушылардың үзіліс кезіндегі бос уақытын ұлттық ойындар арқылы мазмұнды ұйымдастыру (асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас және басқа да ойындар).
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен күн сайын 15 минут бойы мінез-құлық, адамгершілік құндылықтар және тәрбие мәселелері туралы жеке әңгіме жүргізуі.
«Үнемді тұтыну» – су, тағам және энергия ресурстарын ұқыпты пайдалануға баулу, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында жадынамалар, нұсқаулықтар мен ақпараттық парақшалар дайындау.
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күй әуенін қолдану, сондай-ақ үлкен үзілістерде ұлттық күй тыңдату.
Апта сайын (Еженедельно)«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының алғашқы сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.
«Аптаның дәйексөзі» – білім беру ұйымының оқу және тәрбие жұмысына бағыт беретін мақал-мәтелдер, халық даналығы мен белгілі тұлғалардың қанатты сөздерін пайдалану. Дәйексөздер ақпараттық стендтерге, LED-экрандарға, сынып тақталарына орналастырылады.
«Қауіпсіздік сабағы» – сынып сағаты аясында жол қозғалысы ережелері, өмір қауіпсіздігі негіздері, жеке қауіпсіздік және қауіпсіз мінез-құлық тақырыптары бойынша 10 минуттық ақпарат беру немесе әңгіме өткізу.
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күй әуенін қолдану және үлкен үзілістер кезінде күй тыңдату.